Астана. 11 шілде. ҚазТАГ – Тоқтар Төлешовтың ісі бойынша 25 адам сотқа тартылуда, 300 адам куә ретінде өтуде, деп хабарлады ҚР ҰҚК бюаспасөз қызметінен.
«Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төлешов Тоқтар Жүсіпұлына қатысты қылмыстық істің негізгі эпизодтарын тексеруді аяқтады. Аталған іс аясында 25 тұлға қылмыстық жауапкершіліке тартылып, 300 адам куәлар ретінде өтеді», - делінген дүйсенбі күнгі хабарда.
Ведомстводан атап кеткендей, тергеу Т. Төлешовтың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстар жасауға қатысы барлығы анықталған және дәлелденген. Оның қылмыстық әрекеті 1997 жылғы редакциясындағы ҚР ҚК 125 бабы (адам ұрлау), 126 бабы (адамды заңсыз еркіндігінен айыру), 179 (Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту), 182 (Экстремистік топ құру, оған басшылық ету немесе оның әрекетіне қатысу), 262 (Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу), 265 (Трансұлттық қылмыстық қоғамдастық құру және оған басшылық ету, сол сияқты оған қатысу), 286 (Қылмыстық топтың әрекетін қаржыландыру, сол сияқты мүлiктi сақтау, бөлу, қаржыландыру арналарын әзiрлеу), 268 (бандитизм), 287 (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру), 296 (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) және 367 (пара беру), сондай-ақ 96 бап (адам өлтіру), 107 (қинау) және 187 (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру) баптарымен айқындалады.
Сондай-ақ Т. Төлешов басқарған қарақшылар оның нұсқауымен сотқа тартылатын бірқатар қылмыстар жасаған, олардың арасында адам өлтіруге оқталу, адам ұрлау, адамды заңсыз еркіндігінен айыру, қинау, қарақшылық, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру сынды қылмыстар бар.
Сондай-ақ тергеу Т. Төлешов пен оның бірқатар сыбайластары билікті күшпен басып алуға, оның ішінде ҚР аумағында бірқатар әлеуметтік шиеленіс ошақтарын ұйымдастырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен наразылық акцияларын ұйымдастыруға дайындық жасағанын анықтады.
Еске салсақ, Шымкентте 30 қаңтарда аймаққа белгілі бизнесмен, «Шымкентсыра» зауытының иесі Т. Төлешов ұсталды.
Маусым айында Т. Төлешовтың бірқатар сыбайластары ұсталды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бұрынғы бiрiншi орынбасары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң бұрынғы мүшесi, екiншi сыныпты әдiлет кеңесшiсi Iлияс Бақтыбаев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД-нің бұрынғы басшысы, генерал-майор Хибратулла Досқалиев, Оңтүстік Қазақстан облысы IIД бұрынғы бiрiншi орынбасары, полиция полковнигi Сәкен Айтбеков, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi Оңтүстiк аймақтық басшылығының 35748 және 55652 әскери бөлiмдерiнiң командирлерi, полковниктер Бекзат Жумин және Қайрат Пернебаев бар.
ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің өкілі Руслан Карасевтің айтуынша, қазір тергеуде Т. Төлешов билікті күшпен басып алуға бұрындары дайындық жұмыстарын жүргізіп, ал былтырдан бастап белсенді түрде нақты қадамдарға көшкені туралы толық мәліметтері бар. Оның жоспары бойынша елде шиеленістер ошағын ұйымдастыру жолдары арқылы елдегі жағдайды тұрақсыздандырып, наразылық акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, соның фонында балама үкімет дегенді құрып және қазіргі билік құрылымын өзгертпекші болған.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45