Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Т1 млн. аспайтын салымдарға өтемақы төлеуге ниетті

Алматы. 2 қазан. ҚазТАГ- Данияр Дәуітәлиев. «Қазақстан Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» (ТҮҚЖБ) АҚ Т1 млн асатын салымдарға өтемақы төлеуге ниетті, деп мәлімдеді банк басқармасының төрағасы Айбатыр Жұмағұлов.  

«Салымдарға өтемақы төлеуге қатысты, мемлекет басшысы тамызда Тұрғынүйқұрылысжинақбанкіне әдейі тоқталып, өз сөзінде салымшылардың теңге бағамының өзгерісінен зардап шекпеулерін тапсырды. Бүгінгі таңда біз өзіміздің акционерлеріміз – «Бәйтерек» холдингімен, ұлттық экономика министрлігімен, инвестиция және даму министрлігімен, қаржы министрлігімен бірге механизм әзірледік», - деп мәлімдеді А.Жұмағұлов жұма күні баспасөз мәслихатында.  

Оның айтуынша, салымшылардың өтемақы механизмі әзірленіп, президент әкімшілігіне жолданды.  

«Егер негізгі параметрлерге келер болсақ, бұл ең алдымен 1 млн теңге деген шектеу болмайды, яғни сомасына қарамастан өтемақы барлығына төленеді. Тек бір миллион теңгеге дейін Ұлттық банктікіне ұқсас схема немесе механизм бойынша жүзеге асырылады. Себебі біздің клиенттер және басқа банктердің клиенттерінің бір-бірінен ешқандай айырмашылығы болмағаны дұрыс деп ойлаймыз», - деп түсіндірді банк басшысы.

Оның ақпарынша, Т1 млн. дейін салымы барларға Т20 млрд ақшалай қаржы керек, Т1 млн. жоғарыларға Т40 млрд астам.

«Оның ішінде 24 млрд теңгені біз банктің өз қаражаты есебінен төлеуді жоспарлап отырмыз», - деп толықтырды ТҮҚЖБ басшысы.

«Миллион бойынша (төлем –ҚазТАГ) жыл бойына жүргізіледі, ал миллионнан жоғары сомалары барларға менің есебімше екі жылдай төлейтін боламыз», - деп түсіндірді А. Жұмагулов.

ТҮҚЖБ мәліметі бойынша Т1 млн. дейінгі салымдар бойынша 435 мың шарт бар, оның жалпы сомасы Т66 млрд, Т1 млн жоғары 57 мың шарт бар, оның жалпы сомасы Т114 млрд.  


adimage