Түркістан 2017 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде таңдалды

Күні: 11:22, 02-12-2016.

Алматы. 2 желтоқсан. ҚазТАГ – Оңтүстік Қазақстан облысындағы Түркістан қаласы 2017 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде таңдалды, деп хабарлады АПА жаңалықтар порталы.
Хабарда айтылғандай, «ТЮРКСОЙ-ға мүше елдердің мәдениет министрлерінің тұрақты кеңесінің Шекиде өткен 34-ші отырысында Қазақстанның Түркстан қаласы «2017 жылы «Түркі әлемінің мәдени астанасы» ретінде таңдалды.
Әзербайжанның мәдениет және туризм министрі Абульфаз Гараев «Түркі әлемінің мәдени астанасы» жобасының рәмізін Қазақстан өкіліне табыстады.
Еске салсақ, 2016 жылы түркі әлемінің мәдени астанасы әзербайжанның Шеки қаласы болған.


Жаңалықтармен бөлісу: