Алматы. 12 шілде. ҚазТАГ - «Аймақ тынысы» газетінің редакторы Ләззат Асанова ауыл әкімнің соққысынан зардап шекті, деп хабарлады kyn.kz.
«3 шілдеде ауданға біздің жаңадан сайланған аудан әкімін таныстыру үшін Түркістан облысының әкімі келді. (…) Киелі ауылының әкімі Полат Төребеков менің атыма ғайбат сөздер айта бастады. Сол кезде мен телефонды қосып, бұл жағдайды тікелей эфирде Facebook арқылы көрсете бастадым. П.Төребеков күшпен менің телефонымды тартып алды. Ол аздай, денемнен шынтағымен ұрып, аяғымнан құлатты. Кафель еденге құлаған мен басымды жарақаттадым. Телефонды ол маған әлі қайтарған жоқ», - деді Л. Асанова.
Аяғынан түрегелген журналист, оның айтуынша, ғимараттан түсіп келе жатып, баспалдақпен көтеріліп келе жатқан облыс әкімі Жансеит Түймебаевты көрген.
«Мен көзіме жас келіп, облыс әкіміне болған жәйтті айтып бердім. Мені тыңдаған Ж.Туймебаев «Ештемені уайымдама!» деді. Және өзінің көмекшілеріне жедел жәрдем шақыруға тапсырма берді. Жиналыстан кейін ол Алатау ауылдық округінен келген адамдарды тыңдады. Олардың өздерімен ала келген құжаттарын қарады. Сосын комиссия құруға (ұру дерегі бойынша – ҚазТАГ) және тексеріс жүргізуге тарсырма берді. Басқа ол ештеме айтпады. Ал мен жедел жәрдем көлігімен ауруханаға кете бердім», - деді журналист әйел.
Қазір Л.Асанова ауруханада жатыр. Оның қан қысымы көтеріліп кеткен, оған гематома диагнозы қойылған.
Бұл ретте төлебилік шенеуніктер журналистті ауыр жағдайда жедел жәрдем көлігінің алып кеткенін көрген. Бірақ ешкім, әйелдің айтуынша, ешкім өкініш білдірмеген, осылай болғаны үшін ешкім кешірім де сұрамаған. Тек бір аптадан кейін ғана, онда да Ләззат басынан кешкенін әлеуметтік желіде жариялағаннан кейін П.Төребеков барып шыққан. Бірақ әйелдің айтуынша, оның жүзінен өкініш байқалмаған.
«Қолында жаңа телефон болды. «Мынау сенің телефоның. Ашуыңды бас, арызыңды алып кет, біз ары қарай да бірге жұмыс жасаймыз ғой», - деді ол маған. Мен оған жаңа телефон алу үшін ұрылмағанымды түсіндірдім. Және өз затымды қайтаруын талап еттім. Мен «Кешір, ашуланып кеттім, ұялып тұрмын» деп айтатын шығар деп ойлағам. Олай болмады. Онда неге мен оны кешіруім керек?»- деп ашуланады журналист.
kyn.kz порталы орын алған жәйт үшін облыс басшысы Ж.Түймебаевтан және Төле би ауданының жаңа әкімі Бауыржан Омарбековтан түсініктеме күтеді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46