Алматы. 25 шілде. ҚазТАГ – Түркия билігі дүйсенбі күні 42 журналисті қамауға алуға ордерлер берді, деп хабарлады Reuters-ке сілтемелеп РБК.
Атап айтқанда, ордерлердің біреуі танымал тележүргізуші және бұрынғы парламентарий Нәзилә Иличакқа беріліпті.
РБК еске салғандай, 16 шілдеге қараған түні бірқатар түркиялық әскерилер сәтсіз аяқталған мемлекеттік төңкеріске әрекеттенді. Келесі күні таңертең-ақ билік елдегі бақылау қолға алынғанын мәлім етті.
Алдыңғы аптаның барлығында Анкара пікірінше, әскери төңкеріске қатысы бар деген күдіктілердің барлығын Түркияда қамауға алу жүріп жатты. Қазіргі сәтке 13 мың адам қамауға алынды: жауынгерлер, полицейлер, судьялар, мұғалімдер мен басқа да мемқызметкерлер.
Кеше, 24 шілдеде, Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым бүлікшілікке байланысты өкілдері мемтөңкеріске қатысқан президент гвардиясының таратылатынын мәлім етті.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46