Алматы. 25 тамыз. ҚазТАГ – Терроршылар тобы Түркияның Карс провинциясында Баку-Тбилиси-Эрзурум газ құбырын жарып жіберді, деп хабарлайды ТАСС.
«Жарылыс дүйсенбі күні кешкісін газ құбыры магистралының Сарықамыш учаскесінде орын алды. Шабуылға 20 шақты содыр қатысты. Жергілікті теледидар хабарлауынша қазір газ құбырындағы өртті сөндіру жүріп жатыр, газ құбырына отын беру тоқтатылды», - делінген хабарда.
Оқиға орнына қауіпсіздік күштерінің бөлімшелері келді. Осы маңның барлығы жанджармерия мен әскерилердің бақылауына өтті. Содырлармен арада орын алған атыс туралы айтылады.
Осы провинцияның губернаторлығының мәліметтерінше, терактыны Күрдістан жұмысшылар партиясының (КЖП) содырлары жасапты.
Баку-Тбилиси-Эрзурум (Оңтүстік-Кавказ құбыры) ресми түрде 2007 жылы 25 наурызда ашылған. Құбырдың диаметрі 42 дюйм, ұзындығы 970 км (Әзербайжанда 442 км, 248 км Грузияда және 280 км грузия-түркия шакарасынан Эрзурумға дейін). Оңтүстік-Кавказ газ құбыры арқылы Шах-Дениз жобасы аясында өндірілген газ тасмылдау жоспарланған.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51