Тәуелсіздікті сақтау оны алудан да қиын – Назарбаев

Күні: 15:23, 30-11-2015.

Астана. 30 қараша. ҚазТАГ – Жанболат Мамышев. Тәуелсіздікті сақтау оны алудан да қиын, деп есептейді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
«Бірнеше күннен кейін біз еліміздің тәуелсіздігінің 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл өтен ширек ғасырда тәуелсіздігімізді нығайту бойынша талмай атқарған еңбегімізді қорытындылайтын жарқын шақ. Тәуелсіздікті сақтау оны алудан қиын екенін біз өткен аралықта жақсы сезіндік», - деді Н. Назарбаев дүйсенбі күні өзінің Қазақстан халқына арнаған жолдауында.
Оның айтуынша, осы жылдары Қазақстан дамудың бұрын болмаған қарқынына қол жеткізді.
«Біздің халық бұрындары дәл қазіргідей жақсы өмір сүрмеген», - деді елбасы.  
Сонымен қатар, деді Н. Назарбаев, Қазақстанды ауыр кезеңдер күтіп тұр.
«Біздің жолымызда әлі талай ауыр нәрселер бар. Болып жатқан өзгерістерге сіздердің өздеріңіз куәсіздер. Біз ауыр кезеңге аяқбасып келеміз», - деді ол.


Жаңалықтармен бөлісу: