Тәжікстан президенті 14 наурызда Қазақстанға келеді

Астана. 7 наурыз. ҚазТАГ - Арсен Асқаров. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон наурыздың 14-інде Қазақстанға сапармен барады деп жоспарлануда, деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов.
«2018 жылы 14 наурызда Тәжікстан Республикасының Президенті Э. Рахмонның Қазақстанға жоспарланған сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың сапалы қадамы болуы керек. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломатиялық өкілдіктер ғимаратының құрылысын салуға жер беру туралы келісімге 2010 жылғы 4 тамызда Тәжікстан Сыртқы істер министрінің Қазақстанға ресми сапары барысында қол қойылған», - деді Қ. Әбдірахманов сәрсенбі күні Мәжілістің алқа отырысында.
Сонымен бірге Мәжіліс Қазақстан мен Тәжікстан үкіметтері арасындағы дипломатиялық өкілдіктер ғимаратының құрылысы үшін жерді өзара қамтамасыз ету туралы келісімді ратификациялауды мақұлдады.


adimage