Тәжікстанмен шекара маңында 5 мың ауған содырлары шоғырланды

Алматы. 2 маусым. ҚазТАГ – Саны жағынан 4 мыңнан 5 мыңға дейін болатын ауған содырлары Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасы маңына шоғырланды, деп хабарлады Тәжік телеграф агенттігінен (Тәжік ТА).
ТР мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің (МҰҚК) мәліметтерінше, Кабулға бағынбайтын қарулы топ Тәжікстан шекарасына Бадахшан және Құндыз бағытында жылжып келе жатқаны алаңдатпай қоймайды.  
«Біздегі мәліметтер бойынша ол топтарда әзірге шекараны қарулы шабуылмен бұзып өту ниеті жоқ, бірақ ауғандық үкімет бақылауына жатпайтын үлкен қарулы топтың шекара маңына шоғырлануы алаңдатушылық тудырмауы мүмкін емес», - деді Тәжікстанның арнайы қызмет өкілі.
Ол «жағдай кез келген сәтте өзгеруі мүмкіндігін» жоққа шығармай, «сондықтан Тәжікстан билігі шекара әскерлері мен әскери бөлімшелер есебінен эшелондық қолдау ретінде шекараны нығайту бойынша бірқатар шаралар қабылдады» деді.  
«Сөзсіз, өңірдегі қауіпсіздіктің қосымша және елеулі факторы ресейлік 201-ші әскери базасы   ҰҚШҰ-ның Ұжымдық жедел ден қою күштерінің (бұдан әрі – ҰЖДК) маңызды компоненті ретінде болып отыр», - деді сұхбатшымыз.  
Оның пікірінше, жақында Ауғанстанмен шекара маңында өткен ҰЖДК әскери жаттығулары АИР аумағынан сырттан төнетін қауіп туындаған жағдайда қарсыласқа «лайықты тойтарыс» берілетіндігін көрсетті.
«Ислам мемлекеті» (ИМ) идеясының таралу қаупіне келетін болсақ, ТР МҰҚК өкілі республиканың арнайы қызметтері ол жағдайды бақылауда ұстап отырғанын айтты. Мысалы, тәжік жастарын «жихадшылар» қатарына, ең алдымен ИМ қатарына уағыздаушылар орталықтары, оларды Сирияға аттандыру арналары анықталды.  
«ИМ жағында соғысып жатқан республиканың 417 азаматының аты-жөндері белгілі. Олардың әрқайсына қатысты «Жалданушылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, оның ішінде ЕММЖ (ОМОН) бұрынғы қолбасшысы, полковник Халимовқа қатысты да қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» (ИГИЛ) содырлары жағына өтіп кетті», - деді ол.
Бұрындары Тәжікстан Жоғарғы соты «Ирак және Леванта ислам мемлекеті» тобын террорлық ұйымдар тізіміне енгізіп, олардың әрекетін республикада заңсыз деп жариялағанды.

adimage