Тәжіктердің кесте тоқу өнері - чакан - ЮНЕСКО тізімін толтыруы мүмкін

Күні: 11:08, 26-11-2015.

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – ЮНЕСКО тәжіктердің кесте тоқу өнері – чаканды материалды емес мұра тізіміне енгізуді қарастырады, деп хабарлады бейсенбі күні Тәжік телефграф агенттігінен (Таджик ТА).
«2015 жылы адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының таңдаулы тізіміне чакан – Кулябтағы (Тәжікстан) кесте тоқу өнері енді», - деп хабарлады ЮНЕСКО баспасөз қызметінен.  
Мысалы, 29 қараша мен 4 желтоқсан аралығында Виндхукта (Намибия) материалдық емес мұра жөніндегі үкіметаралық комитеттің отырысы өтеді.
Отырыста шұғыл қорғауды қажет ететін материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізуге 7 кандидатура және адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының көрнекті тізіміне 34 кандидатура қарастырылады.  
Одан басқа, материалдық емес мұраны қорғағанда ұстанатын бірқатар этикалық қағидалары қарастырылады.
Атап өтерлігі бүгінге адамзат баласының материалдық емес көрнекті мәдени мұрасының тізімінде 314 нысан бар.


Жаңалықтармен бөлісу: