Талдықорғанда «Жетісу жүйрігі» облыстық турнирі өтеді

Күні: 17:12, 03-10-2017.

Талдықорған. 3 қазан. ҚазТАГ – «Жетісу жүйрігі» облыстық турнирі өтеді, деп хабарлады облыс әкімінің ресми сайты. Хабарда атап көрсетілгендей,
                                   Құрметті ұлттық ат спорт сүйер қауым!
          Сіздерді 2017  жылғы 14 қазан күні Талдықорған  қаласындағы облыстық «Талдықорған» ипподромында өтетін Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласындағы «Өңірлік мәдениет, дәстүр және құндылықтар» жобасын жүзеге асыру аясында «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру мақсатында ұлттық ат спорты түрлерінен «Жетісу жүйрігі» облыстық турнирді тамашалауға шақырамыз.  
         Жарыс бағдарламасында; 41 шақырымға – аламан бәйге, 21 шақырымға – топ бәйге, 5 шақырымға – тай жарысы жарысы өткізіледі.
          Аламан байге - бас жүлде автокөлік және 5 орынға жүлде тігіледі,
          Топ байге - бас жүлде автокөлік және 5 орынға жүлде тігіледі,
          Тай жарысы - бас жүлде мотоцикл және 3 орынға жүлде тігіледі.
Жарыс, 2017 жылғы 14 қазан күні өтеді. Келіңіздер! Көріңіздер!
Байланыс телефондары: 87027771976, 87757500201, 87027771976.


Жаңалықтармен бөлісу: