Тамыз айында Сеул – Астана – Сеул жаңа әуерейсі ашылады

Күні: 12:48, 30-07-2015.

Тамыз айында Сеул – Астана – Сеул жаңа әуерейсі ашылады

Астана. 29 шілде. ҚазТАГ – Биылғы тамыз айында Оңтүстік Кореяның «Asiana Airlines» әуекомпаниясы Қазақстан мен Корея астаналары Астана мен Сеул арасында тұрақты рейс ашады, деп хабарлады ҚР инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметінен.
«2015 жылдың 8-тамызында Оңтүстік Кореяның «Asiana Airlines» әуекомпаниясы Қазақстан мен Корея астаналары Астана мен Сеул арасында тұрақты рейс ашады, оның жиілігі аптасына бір рет. Airbus 330 әуе кемесі қатынасты жүзеге асырмақ», - делінген ҚР ИДМ таратқан хабарда.
Хабарда айтылғандай, аталмыш рейстің ашылуы Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында жүзеге асты, кездесу 2015 жылдың 26-27 ақпанында жүзеге асқан болатын. Қорытынды бойынша тараптар арасында елдер арасында рейстерді кеңейту туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Астаналар арасындағы рейстердің жалпы саны аптасына 2 рейске дейін жетеді. Елдер арасында – аптасына 6 рейс болмақ.


Жаңалықтармен бөлісу: