Тараздан ҚР Президентінің Қазақстан халқына биылғы Жолдауын түсіндіруге арналған «Нұрлы жол» атты ақпараттық керуен аттанды

Күні: 17:36, 19-11-2014.

Тараз. 19 қараша. ҚазТАГ – Бүгін 09.00 сағатта Тараз қаласының орталық «Достық» алаңынан және 10.00 сағатта темір жол вокзалынан ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2014 жылдың 11 қарашасындағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге арналған «Нұрлы жол» атты ақпараттық керуен аттанды, деп хабарлады Тараз қалалық ішкі саясат бөлімінен.
Хабарда айтылғандай, ақпараттық керуен мақсаты - ҚР Президенті Н.Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауын халыққа түсіндіру, Жолдаудағы міндеттер мен мақсаттарды орындауға еліміздің барлық азаматтарын тарту және ұйымдастыру.
Ақпараттық керуен міндеттері: Жолдауды тиімді іске асыруға азаматтардың қатысу тетіктерін әзірлеу; дағдарысқа қарсы шараларда халықтың сенімін ақтау, қиын жағдайдан аман-есен алып шығу жағдайларын ойластыру; Қоғамдық санада жағымды көңіл-күйді, әлеуметтік өміршеңдікті және болашаққа деген сенімді қалыптастыру; «Нұрлы жол» Жаңа Экономикалық Саясаты - Қазақстанның әлемнің озық отыз елінің қатарына енуге бағытталған қарышты қадамды қолдау; Қазақстанның барлық аймағын сапалы жолдармен қамтуға жұмылдыру; Ұлттық қордан бөлінетін қаражаттың тиімділігін «Нұр Отан» партиясының партиялық бақылау комитетімен, қоғамдық институттардың бақылауын күшейту; Облыста ұлттық индустриалды мұнай химиясы технопаркінің инфрақұрлымын салудың маңыздылығын насихаттау; қоғамдық санада жасампаз еңбек құндылықтарын қалыптастыру үшін негізгі қағидаттар мен тәсілдерді анықтау; қоғамның өзін-өзі ұйымдастыру дәрежесін арттыру; Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті екенін айқындау; тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруге бағыттау; шалғай елді мекендерді толық қамту, деп көрсетілген осы шараға орай сейсенбі күні таратылған хабарда.
Керуен екі бағытта, автокеруен және пойыз керуені болып аттанбақ.
Керуен құрамында мәслихат депутаттары, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым, саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, этномәдени орталықтар, мәдениет және спорт саласы өкілдері, медицина қызметкерлері бар.
Автокеруен барлық аудандарға аттанса, пойыз керуені Жамбыл – Бурное - Жаңатас бағыты және Жамбыл – Чу- Шығанақ бағытымен аттанбақ.
Хабарда атап көрсетілгендей, пойыз керуені 2 бағыт бойынша 8 вагонмен шықпақшы. Сондай-ақ, пойызда арзандатылған бағамен ауылшаруашылық өнімдерінің тауарлары - ұн, картоп, пияз, сәбіз, көкөніс майы, қант сатылатындығы айтылған.


Жаңалықтармен бөлісу: