Алматы. 27 қазан. ҚазТАГ – Талхиз қалашығы маңындағы құрылыс жұмыстары тоқтатылсын, деп тапсырды Қазақстанның вице-премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов, деп хабарлады ҚР үкіметінің баспасөз қызметінен.
«Біріншіден, Талғар (Талхиз) қалашығының маңындағы барлық құрылыс жұмыстары тоқтатылсын», - деп келтіреді баспасөз қызметі И.Тасмағамбетовтың ЮНЕСКО мәдени мұра нысанының сақталуы мәселесі жөніндегі көшпелі отырыс қорытындысы туралы бейсенбідегі сөзін.
Сондай-ақ, вице-премьер Алматы облысының әкімдігі қорғау аймағынан тыс жаңа айналма жол құрылысын жобаласын және жүргізсін, жергілікті жердің бедерін қалпына келтірсін, атап айтқанда, жол төсемін салу үшін қазылған арықтарды топырақпен жапсынә, қорғалған аймақтың айналасына қоршау орнатсын, сондай-ақ, ғимараттың қауіпсіздігін жан-жақты қамтамасыз етсін деп тапсырды.
Баспасөз қызметінде атап өткендей, алдағы айда премьер-министрдің орынбасары Иманғали Тасмағамбетов орын алған жағдайды шешу мақсатын Қазақстанның мемлекеттік органдары тарапынан тиісті шаралар жүргізіліп жатқандығы жөнінде ЮНЕСКО-ның бас директоры Ирина Боковамен келіссөздер жүргізеді.
Талхиз қалашығы қазіргі Қазақстан, Қырғызстан және Қытай аумағында орналасқан Ұлы Жібек жолы бойындағы орта ғасырлық 33 қалашықтың бірі саналады. 2014 жылы Талхиз ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұралар тізіміне енгізілді.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46