«Тайқазан» Қазақстанда басталған Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының символы болды

Астана. 6 ақпан. ҚазТАГ – Қазақстанда Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы басталды.
«Бүгін бүкіл елде менің жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы басталды. Жыл бойын біз негізгі құндылықтар – тәуелсіздікке, бостандыққа, бірлікке, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісіміне арнаймыз. 20 жыл бұрын, 1995 жылы 1 наурызда, мен Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы жарлыққа қол қойдым. Ол біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға атсалысатын ерекше институт болып табылады», - делінген, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми БАҚ беттерінде жұма күні жарияланған құттықтау сөзінде.
Хабарда айтылғандай, шара Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайының алдындағы алаңда өткен ҚХА Жылы туын көтеру рәсімінен және флешмобтан басталды.
Шара соңында Бейбітшілік және келісім сарайының опера залында «ҚХА – 20 ізгі іс» - «Тайқазан» эстафетасының символын Астана әкіміне беру рәсімі өтті. Ол одан ары әр өңірге беріліп отырады және символды түрде «ізгі істермен толып» Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының ашылуына қайта оралады.
«Бүгін біз Ассамблея жылын және ізгі істер эстафетасын бастаймыз. Бүгін біздің елордамызға келген «Тайқазан» бүгіннің өзінде елордалық Ассамблеямен жиырма ізгі іспен толықты.
Біз биыл Ассамблеяны қолдау ретінде 20 шара өткіземіз, және бүгін біз символды біздің көршіміз, елордалық облыс  пен оның әкімі Кулагин Сергей Витальевичке бергіміз келеді», - деді ол.  
Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы Жылының ашылуына орайластырылған салтанатты шаралар еліміздің барлық өңірлерінде өтті.
Республикалық «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекеме баспасөз қызметі хабарлағандай, рәсім барысында Ассамблеяның 9 республикалық конкурсына бастау берілді, олардың қорытындысы Қазақстан халқының желтоқсан айындағы форумында шығарылады.  

adimage