Тергеу тобының жетекшісінің БАҚ беттерінде жасаған мәлімдемесі Матаевтардың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтіреді - адвокаттар

Күні: 18:39, 13-07-2016.

Алматы. 13 шілде. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. Тергеу тобының жетекшісі Сәкен Таубалдының БАҚ беттерінде жасаған мәлімдемесі Сейтқазы және Әсет Матаевтардың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтіреді, деп мәлім етті олардың адвокаты Мәдина Бакиева.
«Кеше БАҚ беттерінде оперативтік-тергеу тобының жетекшісі С. Таубалдының сұхбаты жарияланды. Онда ол айтқан мәліметтер біздің жақтауымыздағылардың ар-ожданы мен беделіне нұқсан келтірерліктей және кінәсіздік презумпциясын бұзады. Аталған сұхбатта Матаевтардың айыптылық мәселесі шешіп қойылған», - деді М. Бакиева сәрсенбі күні баспасөз мәслихатында.  
Өз кезегінде, адвокат Андрей Петров атап өткендей, С. Таубалды жақтаушылар жағымен ұсынған бухгалтерлік есепті де қарамапты.
«Оперативтік-тергеу тобының жетекшісі өз сұхбатында адвокаттар неге үнсіз отырғанын түсіндірген және не себептен адвокаттардың өтінішін қанағаттандырмағанын айтпаған. Барлық құжаттар берілген. Ал ол осы құжаттарға қарамады да. Ол құжеттерға қарасаңыз, оларды ашып көрмеген де», - деді А. Петров.
«ДАТ» жобасының жетекшісі Ермұрат Бапидің айтуынша, С. Таубалды басшылығындағы тергеу «Ұлттық баспасөз-клубы» ҚБ құжаттары іріктеліп қана алынды.
«Мен құжаттардың қалай алынғанын көрдім. Олар барлық құжаттарды емес, таңдап қана, іріктеп, тек «Қазақтелекомға» қатысты құжаттарды алды», - деді Е. Бапи.  
«Одан кейін А. Петров айтқандай, С. Таубалдының мәлімдемесіне қарамай, «Ұлттық баспасөз-клубы» ҚБ шығындарын тергеу елемей тастады.
«Бізге ешқандай шығын болмады дейді, бізге барлық қаражат нақты ақшаға айналдырылып, Матаевтың жеке қажеттіліктеріне жаратылды дейді. «Ұлттық баспасөз-клуб» ҚБ кассасы бойынша шығындар болды – жалақы төлеу, Ұлттық баспасөз клубын қаржыландыру, БАҚ-тарды дамытуға, ҚазТАГ филиалдарын дамытуға, журналистерге гонорарларды төлеуге, демеушілік көмекке, қаржылық көмекке және т.б. Осының барлығын өз есебінен жасаған», - деп санап шықты ол.
Одан басқа, А. Петровтың айтуынша, С. Таубалды қорғаушылардың өтінішіне жауап бермей тұрып, істі прокуратураға беруге құқығы жоқ екен.
«С. Таубалды айыптау сипатындағы акті жасап, істі прокуратураға жіберді. Прокуратура істі сотқа беру мәселесін шешуі тиісті. 11 шілдеде біз өтініш беріп, барлық құжаттарды тапсырдық. Олар 3 күнде біздің өтінішімізді шешуі тиіс еді, дегенмен, ол біздің өтінішімізді қарамастан, істі прокуратураға жіберді.  ҚПК-ға сай оперативтік-тергеу тобының жетекшісі қылмыстық іс материалдарымен танысқан соң және олардағы өтініштерді шешкен соң ғана айыптау актісін жасай алады. Біз қазір үлкен түсінбеушілік жағдайында тұрмыз, себебі біздің жақтауымыздағының құқығы мен заңдылықтар бұзылып жатыр», - деп түсіндірді А. Петров.  
Бұрындары хабарланғандай, С. Матаев жұртшылық және халықаралық баспасөз өкілдері қатысатын ашық сотта барлық айыптауларды теріске шығармақшы.
Бірқатар шетелдік БАҚ-тар, оның ішінде ВВС, Азаттық радиосы, Неміс толқыны, Рейтер, Франс-пресс, Ассошиатейд пресс, Гардиан, НТВ, Россия-24, Эхо Москвы, РБК, Московский комсомолец, Новая газета және т.б. сонымен қатар халықаралық құқық қорғаушы ұйымдар, Халықаралық журналистер федерацияы, Халықаралық баспасөз институты, ТМД және Балтық жағалауы Журналистер одағының конфедерациясы, Орталық Азия мемлекеттерінің журналистер одақтары С. Матаевтың сотына қатыспақ ниетінің барлығын мәлім етті.


Жаңалықтармен бөлісу: