Астана. 13 ақпан. ҚазТАГ – Бауыржан Мұқанов. ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің (ТМРА) экс-басшысы Мұрат Оспановқа Т1,1 млрд сома айыппұл салынып, қамаудан босатылды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Сот қаулы етеді: Мұрат Оспановты ҚР ҚК 24 б. 3 т., 366 б. 4 т. бойынша айыпты деп танып, және оған ҚК 55 бабын қолданып, 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге айыппұл салынып, оған тиесілі мүлкін тәркілеп, өмір бойына жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және мемлекеттік функциямен байланысты лауазым алуына тыйым салу жазасын қолданылсын», - деп жариялады үкімді Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот судьясы Ербол Рахимбеков жұма күні.
«Оспановқа қатысты бұлтартпау шарасын қамауда ұстаудан үкім күшіне енгенше ешқайда кетпейтінге және тиісті мінез таныту туралы қолхатқа алмастырыылсын», - деді ол.
Бұрындары прокуратура соттан М. Оспановты жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 11 жылға бас бостандығынан айыруды, ал осы іс бойынша екінші фигурант Арман Ақтайды қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сұраған еді.
М. Оспановтың ісі бойынша сот 2014 жылы 11 қарашада басталды. Оны ҚР ҚК 311б. 5 т. бойынша (аса ірі мөлшердегі пара алу) айыптап отыр. Ал Арман Ақтайды ҚР ҚК 312 б. 5 т. (аса ірі мөлшердегі пара беру) бойынша айыптап отыр. Олардың екеуі де айыптарын мойындамады.
Іс материалдары бойынша ТМРА басшысы «Атырау Жарық» АҚ-ны қанатының асытна алып, қамқорлық танытқаны үшін $300 мың пара алған.
2014 жылы 1 шілдеде қаржы полициясының қызметкерлері М. Оспановты ұстады, сот оны қамауға алу туралы шешім қабылдады. 2 шілдеде оны уақытша қамау абақтысына апара жатқанда, қаржы полициясының ғимаратында М. Оспанов автомобиль салонынан атып шығып, қашпақшы болып әрекеттенді. Қаржы полицейлері оны автомобильден 15 метр жерде қуып жетіп ұстады. Ол қарсылық танытып, денесінен жарақат алды.
М. Оспанов ТМРА мекемесін 2012 жылдың қаңтар айынан бері басқарды.
Қатысты сілтемелер
-
Жамбыл облысында автомобиль өткізу пунктін салуға Т10 млрд астам жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 16:18 -
Қазақстанда күзгі әскерге шақыру науқаны басталды
6 Қыркүйек 2024, 16:16 -
Астанадағы Тельман кенті ауданында техникалық суағар салуға Т15,3 млрд жұмсамақ
6 Қыркүйек 2024, 14:54 -
Қазақстанның бірқатар өңірінде жауын-шашын және үсік күтіледі
6 Қыркүйек 2024, 14:51