Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады

Астана. 24 сәуір. ҚазТАГ – ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандарын Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз қызметінен.
«Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл – бүкіл әлемдегі мұсылман қауымы үшін рухани жаңару мен жаңғыру кезеңі.
Рамазан айында әрдайым ырыс пен ынтымақ, ізгілік пен мейірім салтанат құрады. Отыз күн Оразада мұқтаж жандарды қолдап, қайырымдылық көрсету игі дәстүрге айналды», - делінген жұма күні Ақорда сайтында жарияланған Тоқаевтың құттықтауында.
Өкінішке қарай, «биылғы Рамазан айы төтенше жағдай кезеңіне тұспа-тұс келіп отыр».
«Сондықтан жамағатты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұсынымдарын орындауға, індетке қарсы күресте бірлік пен жауапкершілік танытуға шақырамын. Біз, Қазақстан халқы, қанымызға сіңген қадір-қасиеттің арқасында кез-келген сынақтан абыроймен өтеміз деп сенемін. Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», - деді Тоқаев.
Еске салсақ, 2020 жылы Рамазан айы 24 сәуір күні таңда басталып, 23 мамыр күні кешкісін аяқталады.

adimage