Астана. 2 маусым. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шахматшы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Ақорда баспасөз хатшысы Берік Уәли.
"Мемлекет басшысы Жансая Әбдімәлікті ФИДЕ Гран-приіндегі тамаша жеңісімен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жеңістің баршамыз үшін зор мақтаныш екенін айтты», - деп хабарлады Уәли сәрсенбі күні.
Жансая – ерлер арасындағы гроссмейстер атағына қол жеткізген тұңғыш қазақстандық шахматшы қыз.
«Оның жетістігі елімізде осы спорттың дамуына тың серпін берері сөзсіз», - деді Ақорда.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46