Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке ахуал нашарлаған жағдайға қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды

Күні: 18:55, 10-07-2020.

Алматы. 10 шілде. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен Ұлттық банкке ахуал нашарлаған жағдайға қосымша шаралар әзірлеуді тапсырды, деп хабарлады агенттік тілшісі.
«Үкімет пен Ұлттық банкке ахуал нашарлаған жағдайға салалар мен халықты қолдаудаың қосымша шаралар пакетін әзірлеуді тапсырамын. Бұл ретте мемқолдау барынша жақсы нәтиже алуға жұмсалуы керек. Біз бюджеттік кезеңде тұрмыз, қаржылай басымдықтарды анықтайтын мүмкіндік бар. Бастысы – экономика мен жұмыспен қамту», - деді Тоқаев жұмадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында.


Жаңалықтармен бөлісу: