«Transit Kazakhstan 2015» көрмесінде көлік және логистиканың дамуы талқыланды

Күні: 15:12, 17-09-2015.

Алматы. 17 қыркүйек. ҚазТАГ –  «Transit Kazakhstan 2015» көрмесінде көлік және логистиканың дамуы төңірегінде туындаған өзекті сұрақтар талқыланды, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінен.  

«Алматыда өткен «Transit Kazakhstan 2015» 19-көрмесінде көлік және логистиканың дамуы төңірегінде туындаған өзекті сұрақтар талқыланды», - делінген ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарында.

Биылғы жылы көрмеге «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еншілес ұйымдары «KTZ Express», «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА, Ақтау теңіз порты т.б қазақстандық компаниялар мен әлемнің әр елінен келген 130 компания қатысты.

Әр елден келген компаниялар өздерінің көлік қызметтерін, жүк қоймаларының жұмыс жасау жүйесін, логистикалық сервис, көлік инфрақұрылымын, техникалық құралдары мен кеден қызметтерін, сондай-ақ ақпараттық қызметтерін қатысушыларға таныстырды.

«Қазақстан Республикасы көлік-логистикалық жүйесінің қалыптасуының негізі халықаралық тасымалдау жүйесінің келісілген интеграциясына бағытталады. Осыған байланысты инфрақұрылымның  дамуы үшін түрлі шаралар қолданылады. Қазақстандағы инфрақұрылымның дамуына алдағы 10 жылда қосымша 3 трлн теңге жұмсалады»,- деп ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік реттеу комитетінің төрағасы Әсет Асаубаев атап өтті.  

Өз кезегінде Литваның көлік және коммуникация вице-министрі Арияндас Шлюпас «қазақстандық көрмеге  қатысушы Литва компанияларының саны жыл сайын артып келетінін»  айтты.

«Қазақстан – Литваның Орталық Азиядағы ең басты секіктестері. Литва экспорттаушылары үшін Қазақстан басым нарықтардың бірі. Себебі, екіжақты сауданың көлемі жыл сайын артып келеді. Соңғы 10 жылда Қазақстан мен Литва арасындағы тауар көлемі 12,5 есе артты», - дейді А.Шлюпас.

Көрменің барлық қатысушылары мұндай шара серіктестік қарм-қатынастың нығая түсетіндігін және көлік саласының дамуына жаңа серпін беретіндігін айтты. «Transit Kazakhstan 2015» көрмесі 18-қыркүйекке дейін өз жалғасын табады.
Жыл сайын өткізілетін «Transit Kazakhstan» халықаралық көлік көрмесі көлік жүйесінің дамуына байланысты сұрақтарды талқылайтын алаңға айналған.

2014 жылы В 2014 году выставка Transit Kazakhstan көрмесі Астанада өтті, оған Ресейден, Белоруссиядан, Украинадан, Латвиядан, Литвадан, Эстониядан, АҚШ пен Қытайдан 120 –дай компания қатысты.  


Жаңалықтармен бөлісу: