Астана. 4 қыркүйек. ҚазТАГ – Алдағы үш күнде Қазақстанда күн күркіреп, жауын жауады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен.
«Алдағы үш күнде Поволжьядан бері қарай, Қазақстан аумағы арқылы циклон өтеді. Синоптиктер ос циклонмен ел аумағында күн күркіреп, жауын жауады, кей жерлерде желдің жылдамдығы 17-22 м/с болады деп болжап отыр», - делінген синоптиктердің дүйсенбі күнгі хабарында.
Сондай-ақ, синоптиктердің болжамынша циклонның артында суық антициклон келіп, республиканың тек солтүстігінде ғана емес, оңтүстігінде де ауаны салқындатады.
Бұрын хабарланғандай, өткен демалыс күндері Қазақстанда ауа райы ыстық болды, ауа температурасы +28+35, ал оңтүстікте +38+41 градус болды. Ол климаттық нормадан 4-14 градусқа жоғары.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46