Астана. 21 қыркүйек. ҚазТАГ – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин өзінің ресейлік әріптесімен көлік-логистикалық саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықыт дамыту мәеселелерін талқылады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті Асқар Мамин «РТЖ» ААҚ жаңа басшысы Олег Белозеровпен кездесті. Кездесу барысында ҚТЖ мен РТЖ темір жол әкімшіліктерінің жетекшілері көліктік-логистикалық саладағы өзара тиімді серіктестікті одан әрі жалғастыру жайын талқылады», - делінген дүйсенібде таратылған хабарда.
Оның ішінде, екі ел арасындағы жүк тасымалы көлемін ұлғайту, жалпы көлік дәлізі арқылы транзиттік тасымалды көбейту, Солтүстік-Оңтүстік жаңа көлік бағдарын Түркменстан арқылы Иранға жеткізу және Азия-Еуропа дәлізін дамыту жайын қарады.
Сондай-ақ, тараптар Бірлескен көліктік-логистикалық компаниясы (БКЛК) аясында серіктестіктің жұмысын жетілдіру туралы пікір алмасты.
Қатысты сілтемелер
-
Бердімұхамедов «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
17 Маусым 2025, 10:48 -
Садыр Жапаров «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келді
17 Маусым 2025, 09:56 -
Қазақстан мен Қытай сейсмикалық қатерлерді азайту мақсатында жұмыс жасайтын болады
17 Маусым 2025, 09:48 -
Лондондағы дүйсенбі кешкі банкаралық фиксинг қорытындысы бойынша алтын бағасы түсті
17 Маусым 2025, 09:16