ТЖК басшысы қазақстандықтарға биылғы «қыс қатты, ауыр» 46 градустық аязды болады деп отыр

Астана. 18 қараша. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қазақстанда 2016 жылғы қаңтарда -42-46 градустық аяз болады деп күтілуде, деді ҚР ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Валерий Петров.
«Қазгироомет» РМК мәліметтерінше, ағымдағы жылғы қараша мен желтоқсанда циклон әсерінен қар мол жауады, бұрқасындатады. Желтоқсанның үшінші тоқсаны мен 2016 жылдың қаңтарында Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығыста және батыста  аяз күшейіп, Цельсиямен минус -27-37 градусқа барады.
Батыс аймақтың кей жерлерінде -42 градус болады, солтүстік, шығыс пен орталығында -36-46 градусқа дейін барады», - деді ол сәрсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Ақпан айында қар жауу, күшті ждел тұруы, аязбен араласып келіп отырады, деді ол.
«Көріп отырғандай, биылғы қыс қатаң, күрделі және қиын болады», - деп ТЖК басшысы қадап айтты.

adimage