Универсиада-2017 бойтұмары сұңқардың балапаны болады

Күні: 19:09, 22-08-2016.

Алматы. 22 тамыз. ҚазТАГ – Универсиада-2017 бойтұмары сұңқардың балапаны болады, деп хабарлады ҚР үкіметінің ресми сайты.
Сайтта дүйсенбі күні жарияланған хабарда айтылғандай, ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаеваның төрағалық етуімен 2017 жылы өтетін 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиаданы өткізуге дайындық жөніндегі Ұйымдастыру комитетінің отырысы барысында Ұйымдастыру комитетінің шешімімен Универсиаданың Сұңқар атты бойтұмарының негізгі нұсқасы бекітілді.
«Әуел бастан, қысқы Универсиада бойтұмары ретінде сұңқар құсы таңдалған болатын. Алайда, бастапқы үлгілер көңілден шықпаған соң, жаңа үлгісін жасап шығаруды ұйғардық. Бұл «Сұңқардың» біз жасаған үшінші үлгісі. Осы жолы оның басына қазақтың ойын-өрнегі бар малақай кигіздік», - деді Универсиада-2017 дирекциясының басшысы Наиль Нұров.


Жаңалықтармен бөлісу: