Универсиада нысандарына қоғамдық көлікпен бару құны Т100 -Т200 аралығында болады

Күні: 16:31, 19-01-2017.

Алматы. 19 қаңтар. ҚазТАГ – Универсиада нысандарына қоғамдық көлікпен бару құны Т100 -Т200 аралығында болады, деп хабарлады Алматы әкімінің баспасөз қызметінен.
«Универсиада ашылатын 29 қаңтар мен ойындар аяқталатын 8 ақпан күндері «Алматы Арена» стадионына көрермендер мен қонақтарды жеткізуге ерекше мән беріледі. Арнайы бағыттар бойынша біржақты жолақысы 100 теңгені құрайды», - делінген бейсенбіде таратылған хабарда.
«Алматы Аренеға» автобустар екі нүктеден жүреді: орталық стадионнан және Астана алаңынан.  
Сондай-ақ, жарыстар өтетін күндері көрермендерді спорт нысандарына тасымалдау үш нүкте арқылы атқарылады: Орталық Стадион; «Саяхат» автобекеті; Алматы-1 теміржол вокзалы
Қашықтығына қарай жолақысының құны Т100-Т200 аралығында болады.  
Бұлардан өзге, көрермендерді жарыстар өтетін жерлерге бұрынан қатынап жүрген 555 автобустар жеткізетін болады..
«Біз негізгі және альтернативті бағыттарды жасадық, қозғалыс хронометражы есептелді, полиция көлігінің еріп жүруі жоспарланған. Басты мақсат – қалалықтардың күнделікті өміріне еш кедергі келтірмей, Унивесриаданың тиімді және жайлы логистикасын қамтамасыз ету», - деп атап өтті Универсиада дирекциясы.  
Жексенбі күні, 29 қаңтарда Алау эстафетасы мына бағыттар бойынша өтеді деп жоспарланған:
Әл-Фараби атындағы ҚҰМУ – Тимирязев көшесі – Манас көшесі – Абай даңғылы - Сейфуллин даңғылы – Гоголь көшесі – Сейфуллин даңғылы – Төле би көшесі – Достық даңғылы – Абай даңғылы – Байтұрсынов көшесі - Сәтпаев көшесі – Достық даңғылы – Республика алаңы.
«Бұл бағыттар бойынша көлік қозғалысы сағат 10.00 ден 14.00-ге дейін шектелетін болады. Алау эстафетасы көшелердің басым бөлігімен өтетіндіктен автобус бағыттары өзгермейді. Автобустар Алау эстафетасы өтетін бірқатар жерлерде тоқтатылады. Осылайша, жоғарыда аталған учаскелерде әр бағыт бойынша көліктер орташа 5-10 минут қана кідіреді», - делінген хабарда.
Сондай-ақ шектеулер жарыс өткізу күндерінде жеке көлік иелерінің жүргізушілеріне  де қатысты болмақ.  
«Қала тұрғындары мен қонақтарының назарына, кімде-кім Универсиада өтіп жатқан кезде жеке көлігін пайдаланғысы келсе, онда  FISU-дің талаптарына және дүниежүзілік практикаға сай түрлі шаралар өтіп жатқан жердің айналасында 500 метрлік қауіпсіздік аймағының барын есте сақтаулары тиіс. Сондықтан, жеке көлік иелері сауық-сауда кешендері маңындағы тұрақтарға көліктерін қалдырып, әрі қарай қоғамдық көлікпен спорт нысандарына бара алады», - деп атап өтті баспасөз қызметінде.


Жаңалықтармен бөлісу: