Универсиада үшін салынған нысандар болашақ қазақстандық чемпиондарға қызмет етуге қалады - Назарбаев

Күні: 14:30, 25-01-2017.

Астана. 25 қаңтар. ҚазТАГ  Оксана Скибан. Универсиада-2017 үшін салынған спорттық нысандар болашақ қазақстандық чемпиондарға қызмет етуге қалады, деп санайды ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  
«Қазір біз 29 қаңтарда Алматыда басталатын 28-ші Дүниежүзілік Универсиаданың алауын жаққалы тұрмыз. Біздің еліміздің осы жарысты өткізу таласындағы жеңісі тәуелсіздік жылдарындағы ең маңызды оқиға болып отыр. Осындай көлемдегі әлемдік жарыстарды Қазақстан әлі өткізіп көрген жоқ, мұндай құрметке кез келген ел ие бола бермейді, десек те осы шара үшін Қазақстан таңдап алынды. Мен біз жақсы дайындалдық және жарысты жоғары деңгейде өткіземіз деп сенемін», - деді Н.Назарбаев сәрсенбіде алау жағу салтанатында.  
Оның айтуынша, спортшылар жанкүйерлерінің қолдауына ие болу үшін алау «ел өңірлерін аралап өтеді».
«Жарысқа қатысатын командамыздың 168 мүшесінің әрқайсысы жоғары деңгейдегі жеңіске лайық, мен оған сенімдімін. Тұтас Қазақстан сіздерге жанкүйер болады, бүкіл Қазақстан біздің студенттік спортшыларымызға жеңіс тілейді. Біздің Универсиада өткізіп жатқанымыз  біздің жастарымыздың спортқа бет бұруына себебін тигізеді», - деп атап өтті мемлекет басшысы.
Президент салынған спорт нысандарының «болашақ спортшыларға қызмет ететініне» сенімді.  
«Және үшіншіден, біз елімізді бүкіл әлемге танымал етеміз. Бұл жолда мен сіздерге зор денсаулық, сәттілік тілеймін. Бір кездері Владимир Смирнов пен Людмила Прокашева салған жолды сіздер жалғауларыңыз тиіс. Мен сіздерге жоғары жетістіктер тілеймін. Сіздердің араларыңызда бүкіл әлемге танымал, жұрт мақтан ететіндей спортшылар шығады. Сіздерге сәттілік пен жеңіс тілеймін!- деп аяқтады сөзін Н.Назарбаев.
Еске салсақ, дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 Алматыда 29 қаңтар-8 ақпан аралығында өтеді.  


Жаңалықтармен бөлісу: