Универсиаданың жабылу салтанатының билет құны Т12 мыңға дейін жетуі мүмкін, деп мәлімдеді салалық департаменттен

Күні: 18:03, 03-02-2017.

Алматы. 3 ақпан. ҚазТАГ – Алматыдағы қысқы студенттер ойынының жабылу салтанатының билет құны  Т12  мыңға дейін жетуі мүмкін, деп хабарлады Универсиада-2017 билеттер департаментінің басшысы.  
«Жабылу салтанатының билеті 30 мың теңге болуы мүмкін емес екенін мәлімдеймін, оның құны 8-12 мың теңге. Билеттерді қолдан, алыпсатарлардан алмаңыз. Алаяқтық жағдайын қысқарту үшін біз шектеулер қойып тастадық. Бір адам бес билеттен артық ала алмайды», - деп келтірілген жұма күні Универсиаданың ресми сайтында В.Дергачевтің сөзі.  
Бұл ретте атап өтілгендей, жұмадан бастап  Ticket day жүйесі енгізілді, ол арқылы жанкүйерлер қандай да бір себептер бойынша келе алмағандардың орнын иемдену мүмкіндігіне ие болады.    
«Ол жүйенің мәні мынада, біздің менеджерлер залды визуалды түрде қарайды, және егер олар көп бос орын көрсе, онда біз жүйе арқылы билет сатамыз, олардың бағасы 500 теңге. Бірақ қауіпсіздік мақсатында біз оны көптеп сата алмаймыз, сондықтан көрермендер түсіністік танытса екен дейміз», - деді ол.
Хабарда айтылғандай, 5 жасқа дейінгі балалар орынсыз тегін кіргізіле береді.  .
Сөз соңында В.Дергачев Медеуде бос орындардың жеткілікті екенін және Б.Шолақ ат. Спорт сарайында орын азайғанын атап өтті.  


Жаңалықтармен бөлісу: