Вакуумдық түтіктер шығаратын шымкенттік кәсіпорын өнімдерін КО елдеріне экспорттайды

Шымкент. 10 қараша. ҚазТАГ – Вакуумдық түтіктер шығаратын шымкенттік кәсіпорын өнімдерін КО елдеріне экспорттайды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Шымкентте шығарылатын вакуумдық түтіктер Беларусь мемлекетіне экспортталады. Қазір оларды тіркеу мен жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Мұндай өнімдер ТМД көлемінде сирек шығарылады», - делінген облыс әкімінің сайтында жарияланған хабарда.
Хабарда атап көрсетілгендей, осыдан 3 жыл бұрын мемлекеттік «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» бағдарламасына сәйкес ашылған кәсіпорын бүгінде қарқын алып келеді. Сапалы өнімді еліміздің барлық медициналық мекемелері қолданады. Олжас Асқаровтың жұмысында ұсақ-түйек деген болмайды. Тыңғылықты атқарылмаса, сапаға да қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан көз алдынан өткен әрбір өнімге қырағылық керек. Кәсіпорын жылына 15 миллионнан астам вакуумдық түтіктер шығарады. Кәсіпорын құрылысы үшін 2 млрд 330 млн теңге жұмсалған. Оның 660 миллионы мемлекеттен бөлініпті. Инфрақұрылымның барлығы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы арқылы тартылған. Болашақта шымкенттік өнімдер Беларусь қана емес, Ресей мен Қырғызстанға да жөнелтілмек. Кәсіпорын қуаты жылына 100 млн вакуумдық түтіктер шығаруға жетеді.

adimage