VIII Астана экономикалық форумы өз жұмысын бастады

Күні: 12:18, 21-05-2015.

Астана. 21 мамыр. ҚазТАГ – Қазақстан астанасында «Инфрақұрылым: экономиканың орнықты дамуының драйвері» тақырыбындағы VIII Астана экономикалық форумының алқа отырысы өз жұмысын бастады.
22 мамырда форум жұмысына ҚР президенті Н. Назарбаев қатысады деп күтілуде. Форумға барлығы әр форматтағы 30 сессия жоспарланып, оған 90 елден 3 мыңдай делегат қатысады. Форумның бір жаңалығы «жасыл экономиканың» элементтерін енгізу және ақылды навигацияны  қолдану болып отыр.
Формуда 200-дей спикерлер сөз сөйлеп, олардың арасында премьер-министрлер, парламент мүшелері, қаржылық институт өкілдері, Нобель сыйлықтарының лауреаттары, халықаралық ұйым басшылары мен танымал ғалымдар болады.
Форумның басты қорытындысы, әлемдік орнықты дамуды қамтамасыз ету үшін экономикалық саясат жүргізу жөніндегі АЭФ-2015-тің негізгі қорытындылары мен ұсыныстарын қамтитын құжат болмақшы.
Форумды ұйымдастыруда шет елдік серіктестер ретінде келесідей құрылымдар ат салысты: БҰҰ, ЕҚЫҰ, ДЭФ, ХВҚ, Дүниежүзілік банк, БҰҰДБ, ЭЫДҰ мен т.б.
Астана экономикалық форумы – экономикалық міндеттерді шешу жөніндегі Еуразиядағы алғашқы диалогтық алаң. АЭФ міндеті жаһандық экономиканың сын-қатерлері мен өзекті мәселелері бойынша нақты шешімдерді дайындау үшін әлемдік сарапшылар қауымдастығын біріктіру.  
АЭФ ҚР президенті Н. Назарбаевтың жеке бастамасы және қоладуымен өтіп отыр.


Жаңалықтармен бөлісу: