Астана. 12 қазан. ҚазТАГ – Қазақстан Президентінің «шекарада туындаған барлық мәселелерді шешу бойынша Қазақстан Үкіметіне тапсырма бергендігі» туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп мәлімдеді ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.
«Шын мәнісінде, үкіметке осы мәселе бойынша үкіметаралық консультациялар өткізуді тапсырды», - делінген бейсенбіде таратылған құжатта.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі қазақстандық ІІМ, мемлекеттік кірістер және көліктік бақылау комитеттерімен бірлесе отырып, еліміздің мемлекеттік шекарасының барлық периметрі бойынша, оның ішінде қазақстандық-қырғыз аумағында да жоспарлы шекара операциясын жүргізуде, деп хабарлады баспасөз қызметі.
«Шекараны кесіп өту үшін ешқандай шектеу немесе тыйым салынып жатқан жоқ», - делінген мәлімдемеде.
«Жоспарлы шекара операциясының басты мақсаты – шекаралық кеңістіктегі құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу, террористік, контрабандалық және басқа да қылмыстық әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау, шекара тәртібі мен көші-қон заңнамасының сақталуын тексеру», - деп атап өтті баспасөз қызметі.
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің баспасөз қызметі бұрмаланған ақпараттың таратылуына ресми түрде түсінбестік білдіреді», - деп қорытындыланған хабарда. (хабарлама – объявление).
ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан президенті ҚР Үкіметіне Қырғызстан шекарасында қалыптасқан барлық мәселелерді жою туралы тапсырма берді.
«11 қазанда Қырғызстан Премьер-Министрі Сапар Исаков Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысуы аясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті және Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекарасындағы қазіргі қалыптасқан жағдай туралы хабардар етті», - делінген Қырғызстан үкіметінің баспасөз қызметі сәрсенбіде жариялаған хабарда.
«Келіссөздерден кейін Президент Н.Назарбаев ҚР Үкіметіне шекарада қалыптасқан барлық мәселелерді жою туралы тапсырма берді», - делінген ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстан шекара қызметі алдағы сайлауға байланысты қызметтің күшейтілген режиміне көшті. Өз кезегінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) шекара қызметі жоспарланған операция шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында тексеруді күшейтті.
Қатысты сілтемелер
-
Бекетаевпен және Байбекпен байланысты фирма басшысы тергеуге алынды
3 Қыркүйек 2024, 11:51 -
Тоқаев АЭС құрылысы бойынша 6 қазанда референдум өткізу туралы жарлыққа қол қойды
3 Қыркүйек 2024, 11:49 -
Жоғарғы сот Назарбаевтың байлығы туралы істі қараудан бас тартты
20 Тамыз 2024, 09:46