Қырғыздар 5-ші президентін сайлады

Күні: 18:54, 16-10-2017.

Астана. 16 қазан. ҚазТАГ - Сооронбай Жәнібеков Қырғызстанда өткен президент сайлауында жеңіске жетті, деп хабарлады елорда инфо сайты. Хабарда айтылғандай, Социал-демократиялық партиясының қазіргі беткеұстары 54,75 пайыз дауыс жинаған. Ал, оның басты қарсыласы оппозиционер, экс-премьер-министр Өмірбек Бабанов 33,8,пайыз дауыспен екінші орында. Нақты ақпаратты ОСК 20 күннің ішінде толық жариялауы тиіс. Сайлауда жеңіске жеткенін жариялап үлгерген С. Жәнібеков Қазақстан туралы қойылған журналистердің сұрақтарына жауап берді. «Қзақстан біздің құдайы көршіміз, бауырлас республика. Біз барлық мемлекеттің дербестігіне құрметпен қараймыз. Қазақ еліне қатысты да сондай ұстанымдамыз» деді С. Жәнібеков


Жаңалықтармен бөлісу: