Қырғызстан медиа-ұйымдары Сейтқазы Матаевты қолдайды және сот үкімін өте қатал деп санайды

Күні: 10:07, 12-10-2016.

Алматы. 12 қазан. ҚазТАГ – Қырғыз медиа-ұйымдары Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейтқазы Матаевты қолдауды жалғастыруда және сот үкімін өте қатал деп санап отыр. Бұл туралы ҚырТАГ «Медиа Полиси» қоғамдық қорының директоры Бегаим Усенова хабарлады.  
«Бұған дейін қырғызстандық медиа-ұйымдар Сейтқазы Матаевты қолдайтындары туралы мәлімдеме жасады. Біз Сейтқазы Матаевты нағыз медиа маманы ретінде білеміз, және оның қызметі қазақстандық журналистер үшін өте маңызды.  Сот үкімін мен өте қатал деп санаймын», - деді Б. Үсенова.
Еске салсақ, 3 қазанда Астана қаласының №2 Есіл аудандық сотында Сейтқазы мен Әсет Матаевтарға қатысты сот үкімі жарияланды. Сөйтіп, Қазақстан журналистер одағының басшысын мүлкін тәркілеп, 6 жылға бас бостандығынан айыру, ҚазТАГ ақпараттық агенттігінің бас директоры Әсет Матаевтың жеке мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Матевтардың адвокаттары үкіммен келіспейтіндерін және оған шағымдануға ниетті екендерін мәлімдеді.


Жаңалықтармен бөлісу: