Қырғызстан мен Тәжікстан баспасөз бостандығы рейтингінде Қазақстаннан озды

Күні: 17:07, 26-04-2017.

Алматы. 26 сәуір. ҚазТАГ – «Репортерлер шекарасыз» халықаралық ұйымы құрастырған баспасөз бостандығы рейтингінде Қырғызстан мен Тәжікстан Қазақстаннан озды.
Баяндамада көрсетілгендей, «Қазақстан индексінің 2017 жылғы болар-болмас өсімі басқа да елдердегі жағдайдың нашарлауымен түсіндіріледі»
Мысалы, Қазақстан өзінің жағдайын 3 тармаққа жақсартып, 180 орынның ішінде 157-ші орын алды (2016 жылы Қазақстан 160-шы орын алған).  
Бұл ретте Грузия (64-ші орында), Армения (79-ші), Қырғызстан (89-шы), Украина (102-ші), Ресей (148-ші), Тәжікстан (149-шы) және Беларусь (153-ші) Қазақстаннан озып кетті. Өзбекстан 169-шы орында, Әзербайжан –162-ші, Қытай 176-шы орында.
Рейтингті Норвегия, Швеция, Финляндия бастап тұр, ал соңғы орындарда Түркменстан, Эритрея және Солтүстік Корея.
«Репортерлер шекарасыз» («Репортеры без границ») жариялаған баспасөз бостандығының рейтингі БАҚ бостандығындағының үлкен өзгерістерге ұрыну қаупін көрсетеді, оның ішінде ірі демократиялық елдердегі де, деп көрсетілген баяндамада.
Баспасөз бостандығының Дүниежүзілік рейтингі жыл сайын 2002 жылдан бері RSF бастамасымен жарияланып келеді. Ол 180 елді бағалауға мүмкіндік береді, атап айтқанда, олардағы пікір әркелкілігіндегі жетістіктерді, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігін, журналистердің қауіпсіздігі мен еркіндігін құрметтеуді бағалауға мүмкіндік береді.


Жаңалықтармен бөлісу: