Қырғызстанның жаңа президенті Жээнбеков қызметке ресми түрде кірісті

Күні: 13:12, 24-11-2017.

Алматы. 24 қараша. ҚазТАГ - Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жеенбеков ресми түрде президенттің лауазымына кірісті.
С.Жээбековке президенттің куәлігі, штандарт және төсбелгі берілді. Ол өз жұмысын адал және әділ жүргізу үшін конституцияға ант берді.
Салтанатты рәсімге 2011 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2017 жылдың 23 қарашасына дейін президент болып келген бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев қатысты.
2017 жылғы 15 қазанда Қырғызстанның бесінші президенті С.Жеенбеков сайлауда жеңіске жетті, ол сайлаушылардың 920 620 даусын жинады - барлық қатысушылар санының 54,22%.
Инаугурация рәсімі елдің жетекші телеарналарында және онлайн-жарияланымдарда тікелей эфирде көрсетілетін болады.


Жаңалықтармен бөлісу: