Алматы. 31 шілде. ҚазТАГ – Куала-Лумпурда (Малайзия) жұма күні халықаралық олимпиада комитетінің 128-ші сессиясында өткен құпия дауыс беру қорытындысы бойынша 2022 жылғы қысқы XXIV Олимпиада мен XIII Паралимпиялық ойындардың астанасы ретінде Бейжің таңдалды. Оны халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах жариялады.
Еске салсақ, Ақ Олимпиаданы өткізу құөығы үшін екі қала – Алматы мен Бейжің жарысқан.
Ойындарды Алматыда өткізудің артықшылықтары ретінде 2011 жылы қысқы Азия ойындарын өткізу тәжірибесінің барлығы, 2017 жылы қысқы Универсиада өткізілетіндігі, 2022 жылғы ойындарды өткізуге арналған спорт нысандарының 70% барлығы, (қала билігі 2017 жылы дайындық деңгейін 80%-ға дейін көтеруге уәде етті), спорт нысандарының олимпиада ауылынан 30 км қашықтықта орналасқанын, климат (қар барлығы) т.б. аталды.
Бейжіңнің ойынды өткізудегі артықшылығы ретінде 2008 жылы Олимпиада ойындарын өткізу тәжірибесінің барлығы, спорттық инфрақұрылымның дайындығы, халықтың қолдауының жоғарылығы мен т.б. аталды.
Қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге кететін тікелей шығындарды ойын ұйымдастыру комитеті $1,7 млрд, ал жанама шығындар - $4,5 млрд деп бағалады. Ойындарды өткізуден түсетін кіріс $3 млрд. деп бағаланды.
ХОК 2022 Олимпиадалық ойындар астанасына $880 млн бөлетіні белгілі (Бейжің мен Алматының операциялық бюджеті $1,8 млрд-тан төмен).
Қатысты сілтемелер
-
Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери контингенттері Қазақстанға келе бастайды
18 Қыркүйек 2024, 17:11 -
"Майкаинзолото" кенішіндегі автобус апатынан кейін шахтаның алты қызметкері қамауға алынды
18 Қыркүйек 2024, 16:47 -
Атырау облысында республикалық автожолдың 11 шақырымын орташа жөндеуге Т1,8 млрд жуық жұмсамақ
18 Қыркүйек 2024, 16:29