Алматы. 4 желтоқсан. ҚазТАГ – 2030 жылға қарай Қытайда 110 атом реакторы жұмыс істейтін болады, деп жазады China Daily.
«Қытайда 2030 жылға қарай жұмыс істеп тұрған 110 атом реаторы болады да, сөйтіп ол әлемдегі аса ірі атом қуатын пайдаланушы ел болады, деп мәлім етті ұлттық PowerChina компаниясы. Атом реакторларымен өндірілетін жалпы қуат көлемі 13-ші бесжылдықтың атом өнеркәсібінің жоспарына сай (2016-2020 жылдары), 2020 жыл соңына 88 гигаватт болады», - делінген жұма күнгі жарияланымда.
Бұл ретте АЭС құрылысын салу және оны іске қосыуға 500 млрд юань (($78 млрд) бағытталмақшы.
«Алдын ала бес жылдық жоспарға сай Қытай АЭС құрылысына 500 млрд юань бағыттамақшы, бұл ретте жергілікті атом технологиясы қолданылады. Жоспар бойынша жыл сайын 5-8 АЭС пайдалануға тапсырылмақшы», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, АЭС құрылысында үшінші буын технологиялар қолданылады. Олар қауіпсіздіктің ең жоғарғы талабына жауап береді және ең тиімді әрі сенімді материалдар.
Қазір Қытайда 22 атом реаторы жұмыс істеп тұр және 26 АЭС салынып жатыр.
Қатысты сілтемелер
-
Шымкентте полицейлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
9 Қыркүйек 2024, 17:22 -
Тоқаев Бектеновке бірқатар тапсырма берді
9 Қыркүйек 2024, 16:55 -
Тоқаев еліміздің әскери ұйымын жетілдіруді тапсырды
9 Қыркүйек 2024, 16:45