Алматы. 24 шілде. ҚазТАГ – Аньян қаласындағы (Хэнань провинциясы, Орталық Қытай) Қытай жазуларының мұражайы 3 мың жылдан бұрынғы «цзягувэнь» бал ашу сүйекетріндегі жазуларды шешуге бүкіл әлемдегі ерікті-палеографтарды, ғалымдарды және иероглифика әуесқойларын тартпақшы, деп хабарлайды ТАСС Қытайдың орталық телевидениесіне сілтемелеп.
Әрбір шешілген жазу үшін сыйлық 100 мың юань (шамамен $14,8 мың). Одан басқа, даулы иероглифті шешкеніңіз үшін және болжанып отырған бір мағанасын дәйекті түрде түсіндіре алсаңыз, тағы 50 мың юань (($7,4 мың) сыйлық аласыз.
Әр ғылыми жұмыс бойынша шешімді көне жазбалар жөніндегі арнайы мамандардың комиссиясы қабылдайды. Мұражай қызметкерлері еріктілерді иероглифтердің цифрлық суреттерін зерттегенде компьютерлік талдаманың заманауи технологиясын қолдануға шақыруда.
«Цзягувэнь» (қытайшадан сөзбе-сөз аударсаңыз «сүйектер мен тасбақа қабығындағы таңбалар» деген болып шығады) – ол жануарлар сүйектері мен тасбақа қабыршығындағы бал ашуға арналған жазулар, оның жасы шамамен б.з.д. XVI-XI ғғ. деп болжануда, Шан династиясының соңғы дәуірі. Ғалымдар бұл таңбалар ерте қытай жазуларының бір түрі және иероглифтер осыдан бастау алады деп есептейді. Мамандардың пікірінше, бұл жазулар ертедегі балшылардың бал ашуы мен олардың сәуегейлігін көрсетеді, сондай-ақ сол дәуірдің саяси жағдайын сипаттайды.
Бал ашуға арналған осы жазулар қытай жазуының сақталған ең ерте нұсқалары және Шығыс Азияның көне жазуларының түрі болып табылады. Оларды ғалымдар алғаш рет 1899 жылы ашып, зерттеген.
Қазіргі сәтке осыдай 156 мың сүйек табылды және оларда 10 мыңнан астам иероглиф тағбаланған. Бірақ мамандар олардың жартысы бір таңбаны әр түрлі етіп бейнелеу болып табылады деп есептейді. Сол себептен ғалымдар әзірге ғылымға «цзягувэнь» иероглифтерінің 4,5 мыңы ғана таныс деген пікірге келіп отыр. Қазіргі сәтке палеографтарға 2,8 мың таңбаны ғана оқып-шешу мүмкін болып отыр.
Қатысты сілтемелер
-
Өскеменде 600-ге жуық электронды темекі тәркіленді
12 Қыркүйек 2024, 17:02 -
«Астана-АЭК» электромонтаж жұмыстарына Т1,9 млрд жуық жұмсауды жоспарлап отыр
12 Қыркүйек 2024, 16:39 -
Солтүстік өңірлерге көшу бағдарламасы кезінде 1 млрд жымқырылғаны анықталды
12 Қыркүйек 2024, 16:37 -
Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы көкпардан алтын медалді жеңіп алды
12 Қыркүйек 2024, 16:18