Қытайда 1929 жылғы Америкада орын алған биржаның күйреуі қайталануы мүмкін деген болжам айтылды

Күні: 10:40, 29-07-2015.

Алматы. 29 шілде. ҚазТАГ – Қытайдың қор биржасы 1929 жылғы америкалық биржаның күйреуіндегі жағдайды еске салады, және алдағы үш аптада ол тағы 14%-ға құлайды, деп есептейді америкалық сарапшы Том ДеМарк.
«Қытайлық нарықтағы масаттану мен үрей 1920 жылдар соңындағы америкалық биржалардағы трейдерлердің мінез-құлқын елестетеді, деп мәлім етті сарапшы Том ДеМарк. Ол кезде Dow Jones Industrial Average индексі бес жыл бойына қатарынан өсіп, 200%-ға артып, ал 1929 жылы қыркүйекте ол, үш айдан аз уақытта 50%-ға опырылып құлады», - деп жазады РБК.
ДеМарк пікірінше, қытайлық Shanghai Composite индексі 3200-ге дейін құлайды, ол 12 маусымда жеткен ең жоғарғы мәннен 38%-ға төмен.
«Осы көрсеткіштің 2015 жылғы наурыздан бергі тербелісі сарапшыға 1929 жылғы Dow Jones индексінің тербелісін еске салды», - делінген мақалада.
ДеМарк қор нарығындағы рекордтық құлаулар туралы болжамдар жасаған. 2014 жылы ақпанда ол, белгілі бір жағдайларда американың қор нарығында 1929 жылғы биржалық күйреуді еске салатын ахуал қалыптасуы мүмкін деп мәлімдеген. Standard&Poor’s 500 Index екі айда 8% өскен, сонда сарапшы оны көрсетілген алғышарттар іске аспай қалды деп түсіндірген.
2013 жылғы ақпанда ДеМарк Шанхай биржасының индексінің құлауын, Shanghai Composite он айлық максимумнан 20 пайыздық құлдырауды бастар алдында, бір күн бұрын, болжаған.  
Төрт ай кейін ол қытайлық қор нарығы үшін ең төменгі мәнін анық айта алды. Ол кезде индекс төртжылдық минимумға жетіп, енді өсуін бастаған болатын.
Қытайда маусымның аяғында басталған нарықтың төмендеуі шілденің басында опырылып күйреді, сол кезде индексі бір аптада 35%-дан көбін жоғалтты. Билік төтенше шараларға барып, 1400 компанияға (эмитенттердің жартысына жуығы) сауданы тоқтатуға рұқсат беріп, ІРО-ға тыйым салып, нарықты қолдауға жарты триллион доллар бөлді.
Нәтижесінде одан кейінгі екі аптада индекс 16%-ға өсті.
Дүйсенбіде, 27 шілдеде, Shanghai Composite 8,5%-ға құлап, 3725.56-ға жетті, ол соңғы 8 жылдағы ең көп құлдырау болды. Сейсенбі күні индекс тағы 1,7%-ға құлады.
Нарықта, мемлекеттің акция бағамын қолдау бойынша теңдессіз көмегі ұзаққа созыла алмайды, себебі Қытай экономикасы бәсеңсіп келеді деген алаңдаушылық өсіп келеді.
Қытайлық қор нарығы бойынша реттеуші өкілі Чжан Сяоцзюнь, дүйсенбі күні сауда сессиясы жабылған соң, үкімет «нарықты және инвесторлар көңіл күйін тұрақтандыру әрекетін жалғастыра береді» деп мәлім етті.


Жаңалықтармен бөлісу: