Қытайда 57 қабатты үй 19 күнде салынып бітті

Күні: 09:57, 13-03-2015.

Алматы. 13 наурыз. ҚазТАГ – Қытайдың Чанши қаласында 57 қабатты үй 19 күнде салынып бітті, деп жазады Росбалт.
«Қытайлық Broad Sustainable Buildings компаниясы 57 қабатты үйді 19 күнде салып бітірді. Аумағы 180 мың шаршы метр болатын үй LEGO секілді дайын блоктардан тұрады», - делінген хабарда.
Mini Sky City деп аталатын зеңгір үй Хунань провинциясының Чанши қаласында салынған. Ғимаратта 800 пәтер мен 4 мың жұмысшыға арналған кеңсе бар.
Компания мамандарының айтуынша, құрылыстың жоғары жылдамдығы мен төмен шығындар жұмыс сапасынан көрініс таппайды.


Жаңалықтармен бөлісу: