Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды

Күні: 09:39, 26-11-2015.

Алматы. 26 қараша. ҚазТАГ – Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды, деп хабарлады қазақстандық мемБАҚ-тар.
«Қытайда қазақтың ұлттық киімдерін тігу мектебі ашылды. Тігін мектебінің алғашқы оқушыларының саны жүздей. Тыңдаушылар курсты тәмамдағаны туралы куәлікпен қатар фабрикаларда жұмысқа орналасады», - делінген хабарда.
Мектеп директоры Жеңісгүл Нұрданакынқызы атап өткендей, оқу үш бағытта жүреді.
«Біздің оқушылар мұнда үш бағыт бойынша оқиды. Біріншіден, кейбір қыздарды біз өзімізге жұмысқа аламыз. Екіншіден, осындай мамандықты алған соң олар өздері өз істерін ашуларына болады. Үшіншіден, олар ірі кәсіпорындарға жұмысқа орналаса алады», - деп түсіндірді ол.
«Шапандар, қамзолдар мен сәукелелер тек қолмен тігіледі, және тек Қытайда ғана сатылмайды», - деді Ж. Нұрданақынқызы.
Оның айтуынша, киімдер Моңғолияға, Түркия мен Қазақстанға экспортталады.
Одан басқа, мектеп директоры хабарлағандай, олар этнопарктің ашылуына дайындалуда.
«Жергілікті билік ол үшін 8 га жер берді. Этнопаркте киіз үйлердің танымал барлық түрлерінен 100 үй тігіледі», - деді Ж. Нұрданақынқызы.
«Қазақтарда киіз үйдің 22 түрі бар. Біздің негізгі мақсатымыз олардың барлығын көрсету. Солардан бүтіндей бір ауыл тұрғызып, біздің мәдениетпен басқа ұлт өкілдерін таныстыру», - деді өз кезегінде Құлжа қаласындағы қазақ ұлттық мұражай директоры Әзірәлі Әміртбекұлы.


Жаңалықтармен бөлісу: