Астана. 18 қаңтар. ҚазТАГ – Асхат Ахметбеков. Қытай аумағында Іле мен Ертістен су алудың одан сайын артып отыруы Қазақстан үшін ауыр экологиялық және экономикалық салдарға соқтыруы мүмкін, - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
«Қазір көрші мемлекеттен су ресурстарының келуі едәуір қысқарды. Осындай трансшекаралық өзендер қатарына Іле мен Ертіс (Қара Ертіс) өзендері жатады. Олар өздерінің жоғарғы сағаларында Қытайдан бастау алады. Қытай аумағында Іле мен Ертістен су алудың одан сайын артып отыруы Қазақстан үшін ауыр экологиялық және экономикалық салдарға соқтыруы мүмкін. Сондықтан осы мәселелер мемлекетаралық деңгейде шешілуде әрі бақылануда», - деп хабарлады «Қазгидромет» РМК ҚазТАГ салған сауалға.
Келтірілген мәліметтер бойынша, Қазақстан су тапшылығын сезініп отырған аймаққа жатады. Осы мәселе әсіресе жазықтағы облыстарда сезіледі. Онда су ресурстарының негізгі көзі жер бетіндегі сулар болып табылады.
«Қазақстанның негізгі өзендері трансшекаралық өзендер. Өзен суларының жергілікті ресурстары шектеулі. Жазықтағы көптеген өзендердің ағысы су қоймаларымен, тоғандармен реттеліп тасталған», - деді «Қазгидрометтен».
Қазақстан аумағында қалыптасатын су ресурстары өте құбылмалы – кей жылдары суы мол болса, кей жылдары қуаңшылыққа тап болады, деді РМК-ден.
«Ол дегеніңіз практикада шамамен бес жылдың төртеуінде Ақмола, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде су аз, ауық-ауық оларда қуаңшылық болып тұрады деген сөз. Ал сулы жылдар 5-7 жылда ғана болады. Осы кезде көптеген су қоймалары суға толып, каналдар шайылып, судағы зиынды заттардың деңгейі азаяды. Әр 15-20 жылда Есіл, Тобыл, Ембі, Сарысу, Илек, Ырғыз және басқа өзендерде көктемде су ерекше тасиды, арнасынан асып, жағалауды шаяды, жолдарды, көпірлерді, электр желілерін шайып, қалалар мен кенттерді су басады», - деп қадап айтты «Қазгидрометтен».
Сонымен қатар соңғы жылдары су ресурстарына шаруашылық жұмыстар да әсер етуде. Су ресурстары, негізінен жер бетіндегі сулар ауыл шаруашылығында, жайылымдықтарды суғаруда, мал шаруашылығы фермаларын сумен қамтамасыз етуде, коммуналдық шаруашылықта және өнеркәсіпте қолданылуда. Су пайдаланушылар гидроэнергетика, балық шаруашылығы, су көлігі болып табылады.
«Өзендерден суды көп алатындар - егістік суғаруға және елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге кетеді. Өзендерден су алу көлемі кең ауқымды болып тұрады. Кейде жекелеген ұсақ өзендерден су толығымен алынады. Су шаруашылығына негізінен ірі өзендер, тау бөктерлеріндегі өзендер мен жазықтағы өзендер тартылған, бірақ біртіндеп таулардағы аумақтар да игеріліп келеді», - деді «Қазгидрометтен».
Бұл ретте Қазақстан үшін ең маңыздылары бірқатар трансшекаралық өзендердің су ресурстарын басқару мәселесі болып отыр.
Қатысты сілтемелер
-
Қазақстанда алдағы үш тәулікте жауын-шашынсыз жылы ауа райы күтіледі
9 Қыркүйек 2024, 14:02 -
Тоқаев Рахмонды Тәжікстанның тәуелсіздік күнімен құттықтады
9 Қыркүйек 2024, 13:56 -
Үкімет Маңғыстау облысында балалардың улану себебін тексеруді өз бақылауына алды
9 Қыркүйек 2024, 13:48 -
Қазақстанда ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті құрылады
9 Қыркүйек 2024, 11:14