Қытайдағы қатты жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 340 адамнан асты

Күні: 09:57, 10-08-2017.

Алматы. 10 тамыз. ҚазТАГ – Қытайдағы Сычуань провинцисындағы қатты жер сілкінісінен зардап шеккендер саны 340 адамнан асты, деп хабарлады Қытайдың орталық телевидениесінен.  
«Сәрсенбі күні сағат 22.10-дағы жағдай бойынша магнитудасы 7 балдық жер сілкінісінң нәтижесінде Цзючжайгоу уезінде 19 адам мерт болып, тағы 343-і зардап шеккен», - делінген телеарна хабарында.
Бұл ретте нақтыланғандай, 13 адамның жарақаты ауыр, тағы екеуінің жағдайы өте ауыр деп бағалануда.  
Бұған дейін хабарланғандай, 219 адам зардап шегіп, 19-ы қаза тапқан болатын.  
Еске салсақ, 8 тамызда 21.19-да (жергілікті уақыт бойынша) Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясының Цзючжайгоу уезінде магнитудасы 7.0 болатын жер сілкінісі орын алды.  Осыдан кейін мыңнан астам дүмпулер сезілді.  
Сондай-ақ, қаза болғандар арасында 6 турист бар. 30 мыңнан астам турист  Цзючжайгоу уезінен эвакуацияланған.
Бұл ретте, қазақстандық сейсмологтардың ақпарынша, жер сілкінісінң магнитудасы 6,8 болған. Алматы, Талдықорған және Жаркентте жер асты дүмпулері 4 балл көлемінде сезілген, Қарағанды және Өскеменде – 2 балл. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпар жоқ.  
Қазақстандық сейсмологтар осыдан кейін тағы 7 жер асты дүмпулерін тіркеген, олардың күші 3,9 және 5,4 балл аралығында болған. Олар бірнеше минут және сағаттан кейін сезілген. Соңғы жер сілкінісі 10 тамыз күні Алматы уақытымен таңғы 6.10-да сезілен. Магнитудасы 4,2.  


Жаңалықтармен бөлісу: