Қытайдан қашқан қазақтар босатылды, олардың статусы туралы шешім Ақмола облысында қабылданады

Астана. 22 маусым. ҚазТАГ – Қытайдан қашқан этникалық қазақтар Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлы бостандыққа шықты, олардың статусы туралы шешім Ақмола облысында қабылданады, деп хабарлады адвокат Ләззат Ахатова.
«Иә. Біз Семейден Астанаға бара жатырмыз, олар сол жақта қамауда болды ғой», - агенттік тілшісіне дүйсенбі күні қорғауындағылардың босатылғаны туралы ақпарды растаған адвокат Ахатова.
Ол Мұсақанұлы мен Әлімұлын Семейде қалдыру туралы жоспарланғанын айтты алайда ақыры оларды Ақмола облысында қалдыру мәселесі де шешілді.
«Біз арыздандық, және біздің арызымыз қанағаттандырылды, себебі Мұрагердің апасы күйеуімен бірге Ақмоал облысында Қояндыда тұрады, олар сол жерде тұрып, жұмыс жасайды. Мен де қастарындамын. Енді олардың босқын статусы туралы өтініші Шығыс Қазақстан облысында қаралатын болады, сосын Ақмола облысына беріледі», - деді Ахатова.
Еске салсақ, 21 қаңтарда саяси пана іздеген Қытайдан қашқан қазақтар Қастер Мұсақанұлы мен Мұрагер Әлімұлына Шығыс Қазақстан облысында үкім шығарылды.
Босқындар статусы туралы БҰҰ конвенциясы – 1950 жылғы 14 желтоқсандағы БҰҰ Бас ассамблеясының 429 (V) резолюциясына сәйкес шақырылған уәкілетті өкілдер конференциясында 1951 жылы 28 шілдеде Женевада қабылданған конвенция. Конвенция «босқындар» түсінігіне анықтама береді және босқын статусы берілетін жалпы негіздерді белгілейді. Конвенция мемлекеттік қауіпсіздік мүддесіне орай босқындарды қайтаруға жол береді, бірақ оларды қудалаудан қауіптеніп, оларды қашып келген елдеріне қайтаруға тиым да салады.
Қазақстан Конвенцияға 1998 жылы қосылған.

adimage