Қытайлық компания Жамбыл облысында жел электростансасын салады

Күні: 18:18, 16-01-2015.

Тараз. 16 қаңтар. ҚазТАГ – Жамбыл облысы әкімі Кәрім Көкірекбаев бастаған делегацияның ҚХР Шэньси провинциясы Сиань қаласына 11-14 қаңтар аралығындағы сапары аясында 400 млн. доллар көлемінде өзара келесімге қол қойылды, деп хабарлады облыс әкімшілігінің баспасөз қызметінен.
«Ынтымақтастық энерготиімділік саласында қытайлық «Да И» компаниясының қуаттылығы 200 Мвт жел электростанциясының құрылысына арналған жоба мен Янлин үлгі-таныстырылымдық ауылшаруашылығы аймағы басқарма комитеті тарапынан Жамбыл облысында аграрлы-инновациялық парк құру жобасы бірлескен келісімнің негізгі бөлігін құрады», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Хабарда айтылғандай,  тараптар Жамбыл облысы әкімдігі мен Шэнси провинциясы халықтық үкіметі арасында мәдени ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Сондай-ақ, Тараз педагогикалық университеті мен Сиань педагогикалық университеті арасында өзара байланысты дамыту мәселесі көтерілді. Сапар аясында Шэнси провинциясының мәдениет, білім, ғылым, бизнес өкілдерінің қатысуымен Жамбыл облысының экономикалық, мәдени, туризм және білім беру саласындағы әлеуетін таныстыруға арналған форум болып өтті.
ҚХР-ға облыс басшысы, Тараз қаласының әкімі, Жамбыл облысы әкімдігі қызметкерлері, кәсіпкерлер, тарихшы ғалымдар, ЖОО ректорлары бастаған 12 адамнан тұратын делегация барды.
Еске сала кетейік, Тараз және Сиань - бауырлас қалалар, ал Жамбыл облысы мен Шэньси провинциясы Қазақстан мен Қытайдық аймақ аралық қарым-қатынасын дамытуда алдыңғы орында келеді. Жамбыл облысы әкімінің Сиань қаласына сапары аясында 400 млн. долларға келісім жасалды.


Жаңалықтармен бөлісу: