«Юридическая газета» («Заң газеті») журналисті баспа БАҚ беттерінде ең үздік сот жұмысын жазушы байқауының жеңімпазы атанды

Алматы. 13 сәуір. ҚазТАГ - Мәдина Әлімханова. «Юридическая газета» («Заң газеті») журналисті Ағия Беркімбаева баспа БАҚ беттерінде ең үздік сот жұмысын жазушы байқауының жеңімпазы атанды.
«Байқауға 150 жарияланым келіп түсті. Көп кезеңдік мұқият іріктеуден соң, оған таласушылар көп болды, төрешілер жағы да, журналистер жағы да және филолог-сарапшылар да бір ауыздан таңдау жасады және біз жеңімпазды бүгін таныстырамыз», - деді Т. Калеева дүйсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.
Өз кезегінде ҚР судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров конкурстағы бірінші орын «Заң газетінің» журналисті Ағия Беркімбаеваға берілетінін айтты.  
«Көптеген репортаждар, ақпараттық материалдар келіп түсті. Бүгін біз жеңімпаздарды жариялауымыз керек. Бірінші орын «Қорғас ісіне» қатысты материалдары үшін «Юридическая газета» («Заң газеті») журналисті Ағия Беркімбаеваға беріледі», - деді С. Байбатыров.
Екінші орын «Свобода слова» газетінің журналисті Ғалия Шымырбаеваға, үшінші орын «Айқын» газетінің журналисті Айхан Шәріповқа берілді.
«Уральская неделя» апталығының журналисті Талғат Омаров, Flesh интернет-басылымның тілшісі Алексей Божков, «Неукротимая эпоха» кітап жинағындағы жарияланымдардың авторы  Адольф Арцышевский мен «Общественная позиция» газетінің журналисті Жұмабике Жунісоваларға алғыс хаттар берілді.
Одан басқа, Қазақстан журналистер одағының грамоталарымен «Балхашский рабочий», «Наша газета» және «Время» газеттерінің шығармашылық ұжымдары марапатталды.
«Халыққа сот залынан ақпаратты жатық тілмен жеткізу қолынан келетін, сот жүйесінің проблемалық мәселелерін көтере алатын, мақала жазудағы, очерктер мен сұхбат алудағы өзіндік стилі бар, публистикалық дарыны бар, ең бастысы - сот билігінің атын дәріптеуде үлкен үлес қосып отырған журналистерге сыйлықтар мен жүлделер берілді», - делінген баспасөз мәслихатында таратылған ақпараттық парақшасында.  
Байқау комиссиясының құрамына Қазақстан судьялар одағының төрағасы Серік Байбатыров, Қазақстан журналистер одағы басқармасының төрағасы Сейтқазы Матаев, Халықаралық «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қорының президенті Тамара Калеева, ҚазҰУ профессоры Ғалия Ибраева, филология ғылымдарының кандидаты Рахиля Қарымсақова, әскери сот судьясы Мұхамеджан Пәкірдінов енді.  

adimage