Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халық спортының түрлерінен фестиваль өтеді

Күні: 17:59, 13-10-2015.

Қызылорда. 12 қазан. ҚазТАГ - Қызылордада қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халық спортының түрлерінен фестиваль өтеді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан хабарлағандай, 14-20 қазанда Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығының құрметіне халық спортының түрлеріне арналған IV республикалық фестиваль өтеді. Оларға Астана, Алматыдан және облыстардан 2000-дай спортшы қатысады.
Төрт жылда бір рет өтетін фестиваль бағдарламасында спорттың 13 түрі – 25 км қашықтыққа аламан бәйге, 16 километрлік бәйге, 7 шақырымдық құнан бійге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату жекпе-жек бар.
Сондай-ақ «Сәнді киіз үйлер» мен ең сұлу жүйріктердің «Керемет сәйгүлік» байқауы өтеді.


Жаңалықтармен бөлісу: