Қызылордада Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылмақ

Күні: 18:26, 30-11-2016.

Қызылорда. 30 қараша. ҚазТАГ –  Қызылордада Мұстафа Шоқай ескерткіші орнатылмақ, деп хабарлады облыс әкімшілігінің ресми сайты. Сәрсенбі күні сайтта жарияланған хабарда айтылғандай, облыстық бюджеттен бөлінген 49 млн. 346,0 мың теңгеге Мемлекет және қоғам қайраткері Мұстафа Шоқайдың ескерткіші жасалынды. Биіктігі 6 метр болатын ескерткіш орнатуға толық дайын, деп хабарлады қала әкімінің баспасөз қызметі.
Айта кету керек, ескерткіш 3 натуралық өлшемде, қола материалынан құйылған. Ескерткіштің авторы Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, мүсінші Көшер Байғазиев. Бүгінгі таңда Қызылорда қаласының орталығынан ескерткіштің орны белгіленіп, «Мұстафа Шоқай атындағы қоғамдық қордың» қаржысы есебінен биіктігі 6 метрді құрайтын гранит постаменттің құрылысы жүргізілуде. Ескерткішті орнатуға Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі Мемлекеттік комиссияның хаттамалық шешімімен келісім алынған.


Жаңалықтармен бөлісу: