Өзбекстан президентін сайлау 2015 жылғы 29 наурызға тағайындалды

Күні: 14:11, 26-12-2014.

Алматы. 26 желтоқсан. ҚазТАГ – Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Өзбекстан президентін сайлау күнін жариялады, деп хабарлады Өзбек телеграф агенттігінен (ӨзТАГ).
«Мемлекет басшысын сайлау 2015 жылғы 29 наурызға тағайындалды. Осыған байланысты Орталық сайлау комиссиясы 2014 жылғы 26 желтоқсаннан бастап Өзбекстан президенті сайлау бойынша сайлау науқанының басталғанын жариялайды», - деп айтты ОСК төрағасы  Мирза-Улугбек Абдусаломов жұма күні.
ОСК отырысында сондай-ақ мемлекет басшысын сайлауға дайындық және оны өткізудегі негізгі шаралар бағдарламасын бекітті.


Жаңалықтармен бөлісу: