Әзербайжанның Шеки қаласы 2016 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды

Күні: 09:57, 27-11-2015.

Алматы. 27 қараша. ҚазТАГ – Әзербайжанның Шеки қаласы 2016 жылғы түркі әлемінің мәдени астанасы ретінде жарияланды, деп хабарлады Trend.
«Шеки қаласы түркі әлемінің 2016 жылғы мәдени астанасы ретінде жарияланды», - делінген хабарда.
Хабарда айтылғандай, бұл туралы шешім ТЮРКСОЙ мәдениет министрлерінің түркмендердің Мары қаласында бейсенбіде өткен  33-ші отырысында қабылданды.
Шеки – қала, Әзербайжандағы осы аттас ауданның және осы аттас тарихи облыс орталығы. Үлкен Кавказдың оңтүстік тау бөктерлерінде, Евлах темір жол торабынан 77 км  солтүстікте орналасқан. 1968 жылдың 15 наурызына дейін Нұха деп аталған.  
Еске салсақ, 2015 жылы түркі әлемінің астанасы түркмендердің Мары қаласы болған.


Жаңалықтармен бөлісу: